ЖҮЙНЕКТІКТЕР «ЖАСТАР LIFE» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫи

175

Бүгін Шорнақ ауылдық округінде аудандық «Жастар ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен ауыл жастарының бір күндік тыныс-тіршілігімен танысу, белсенді жастардың ортасын қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын қолдау мақсатында 2 ай көлемінде өткен «Жастар LIFE» жобасының қорытынды кеші өтті. Аталмыш шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

“Жастар — қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар — қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз. Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері болып табылады. Ауданның белсенді жастары қашанда әрбір игілікті істің басы қасынан табылып, киелі өңірдің өркендеуіне атсалысатынына үлкен сенім білдіремін”, — деді Мақсат Асылбекұлы.

Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Себебі, жастарымыздың жаңа белестерге деген ұмтылыстары жаңа тың идеялардың туындауына себепші екені даусыз. Сонымен қорытынды кеш барысында Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округінде 2 ай көлемінде өткен «Жастар LIFE» жобасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Сонымен жүлделі 3 орынды Үшқайық пен Ескі Иқан ауылдық округтері иеленсе, 2 орынға Шаға ауылдық округі лайық деп танылды. Ал, Жүйнек ауылдық округі «Жастар LIFE» жобасының жеңімпазы атанды. Барлық сайыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен қаржылай сыйлықтары табысталды.