МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН БІРІНШІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

169

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІ- сессиясы өтті. Аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байысбаев төрағалық еткен сессия отырысында сегіз мәселе қаралды. Сессияға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, депутаттар қатысты.

Өткен Х-сессия отырысында қарауға ұсынған аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру, «Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демогарфиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту» туралы мәселелерді қалыс қалыссыз қабылдады. Сонымен қатар, «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне енгізілген өзгерістер де депутаттар тарапынан қолдау тапты. «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер де бірауыздан қабылданды.

Сессия отырысында сөз алған аудан әкімі: — Құрметті, депутаттар! Қолдау білдіргендеріңізге рақмет айтамын. Біздің алдағы жоспарымыздың ең маңыздысы ауылдарды дамыту. Ол бойынша 150 жуық жоба әзірледік. Кейбір ауылдардың бас жоспарына өзгерістер енгізіліп жатыр. Коммуналдық өзекті мәселелер кезеңімен шешілуде. Сонымен қатар, аудандағы кәсіпкерлікті дамытуға аса ден қойып отырмыз. Кәсіпкерлік саласы ауданның кіріс бюджетін еселейтін мықты драйвер. Қазіргі таңда, ауыл округтердегі кәсіпкерлермен кездесу өткізіп жатырмын. Барлық кәсіпкерлерге қолдан келгенше қолдау білдіру керекпіз. Қарашық ауыл округінен кәсіпкерлер үшін 6 гектар жер телімін бөліп жатырмыз. Инфрақұрылымын аудан әкімдігінің тарапынан жасап береміз. Құжаттар рәсімдеуді де өзіміз қолға аламыз. Сіздерге ауылды дамытуда бірлесіп жұмыс жасауды ұсынамын, -деді.