АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

135

Сауран ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің кеңесшісі лауазымына Абубакиров Бекзат Сейділлаұлы тағайындалды.

Абубакиров Бекзат Сейдуллаұлы 1981 жылы 1-ші қаңтарда Түркістан ауданы, Оранғай ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Түркістан қаласындағы №1 А.Байтұрсынов атындағы мектепті тәмамдаған. 1997 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің заң факультетіне оқуға түсіп, 2001-ші жылы құқықтану, 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Түркістан қалалық жер кадастры филиалына оператор, 2009 жылы сол мекемеде бас маман, 2010 жылы директор лауазымына тағайындалған. 2013 жылы «ЖерҒӨО» РМК-ның Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, 2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның «ЖерҒӨО» департаментінің Қостанай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ның «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық бақылау» департаментінің Қостанай облысы, Рудный қалалық бөлімінде басшы, сол жылы филиалдың Жер кадастры бөлімі басшысы қызметін атқарған. 2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ның «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық бақылау» департаментінің Қызылорда облысы бойынша филиал директорының орынбасары, 2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімше басшысы болған. Сол жылы филиалдың Жер кадастры басқармасының басшысы, 2021 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.