АУДАН ОРТАЛЫҒЫНАН КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

108

Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығы аумағында, көпқабатты тұрғын үйлер салу үшін жер телімі белгіленген. Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі тарапынан аукцион қорытындысы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 8 мекеме анықталды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құрылыс салушы мекеме өкілдерімен кездесіп, тұрғын үйлерге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Осы Шорнақ ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарының (ауыз су, электрлендіру, сарқынды су, табиғи газ, жол) және абаттандыру құрылыс нысанына ЖСҚ дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша жеңімпаз болып жобалаушы «Альфа Про» ЖШС мекемесі анықталды. Алдағы уақытта ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталады.

Құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалануға беру 2024 жылдың соңына жоспарланған. Көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға, осы үйлерден пәтер берілетін болады.

Сауран ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар – 841 болса, 1 бөлмелі 341 пәтер, 2 бөлмелі 195 пәтер және 3 бөлмелі 305 пәтер кажет. Сауран ауданы, Шорнақ елді мекеніндегі әкімшілік іскерлік орталығы аумағындағы, көпқабатты тұрғын үйлерді және мекеме ғимараттарын орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін сарқынды су тазалау иммаратын (КОС) салуды қажет етеді.

Түркістан облысының құрылыс басқармасы тарапынан аталған нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жоба құны – 1 039 563,0 мың тенге.

Ауданда мұнан өзге 500 орындық «Мәдениет сарайы», «Спорт мектебі», » Орталық кітапхана», «Орталық саябақ», «Орталық стадион», «Ветеринарлық бекет» құрылыс нысандарының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып қазіргі таңда ЖСҚ дайындалуда.