МАЙДАНТАЛДЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ УӘЖІ ТЫҢДАЛДЫ

127

Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылық бойынша арнайы комиссия құрды. Мақсат аудандағы шаруалармен кездесіп, олардың қордаланған мәселелерін тыңдап, шешілу жолдарын қарастыру. Алғашқы кездесу Майдантал ауыл округіндегі шаруаларымен өтті. Жиналысқа бөлім басшысы, ауыл әкімі, ақсақалдар төрағасы, шаруа қожалық төрағалары қатысты.

— Құрметті ауыл тұрғындары мен шаруа қожалық төрағалары! Аудан әкімінің тапсырмасымен комиссия құрылып, ауданға қарасты ауыл округтеріндегі ауыл шаруашылық өзекті мәселелерді қарап, олардың шешу жолдарын қарастыру бойынша жол картасы дайындалып және де ауыл шаруашылық бойыша жасалынып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру болып табылады. Осы жөнінде өздеріңіздің ұсыныстарыңызбен ой-пікірлеріңізді тыңдасақ,-деп бастады жиынды бөлім басшысы Сәкен Оразбаев.

«Дос» ШҚ төрағасы М.Аширбеков жыл бойын айтылып келе жатқан «Майдантал» су қоймасын кеңейту мәселесін көтерді. Егерде су қойманы кеңейтетін болса, су жинау мөлшері көбейіп, халыққа жеткілікті болар еді дейді шаруа. -Қазіргі таңда су қойма «Тұран Су» КММ –не өткен. Ол мекеме өзі жұмысшылар қабылдап, ауыл тұрғындарымен санаспады, — дейді ақсақалдардың төрағасы Б.Ахатов. Көтерілген мәселе бойынша ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев «Майдантал» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша құны 50 млн.т проект жасалынып жатыр. Проект бойынша жобамен 2 млрд.т жөндеу жұмыстарына кетеді деп отырмыз. Алайда ол қаржы көлемі өзгеруі мүмкін, бұл тек жоба бойынша. Бұл жұмыстар республикалық, облыстық деңгейде жүргізілетін болады. Себебі ауданда бұл жұмыстар атқаруға арнайы бадарлама жоқ деп жауап берді.

Сонымен қатар, шаруалар ауыл шаруашылық бойынша нақты егіс көлемін есептеп, шаруаларға берілетін судың лимитін анықтап отыру қажет дейді. «Тұран Су» мекемесінің жұмысшылары дұрыс жұмыс жасамайды. Тәртіп жоқ, деген уәждері де бар. Мал дәрігерлерінің малды ақылы қарайтыны да сөз болды жиында. Бұл бойынша «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК Сауран ауданы филиал басшысы Г.Борибаева, егерде шақырумен баратын болса, мал дәрігерлері ақылы болады. Өздерінің жұмыстарына қарай тиісті ақысын алады деп жауап берді.

Шаруалар тарапынан көтерілген мәселе көп. Сәйкесінше, жергілікті атқарушы билік тарапынан жасалынып жатқан жұмыстар да аз емес. Заң аясында. Мұнан кейінгі кездесу Жібек жолындағы шаруалармен жалғасты.