КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ- КӨРКЕЮДІ ҚОЛДАУ

129

Кәсіпкерлік ел дамуына қосатын қомақты үлес. Өзін-өзі жұмыспен қамтып, ауданның экономикасын ынталандырып отырған кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсетіліп келеді. Қарашық ауыл округінде шағын және орта кәсіппен айналысатын 165 кәсіпкер бар. Басым көпшілігі жиһаз жасаумен айналысады. Аудан әкімі бүгін Қарашықтағы бірқатар кәсіп иелерінің басын қосып, кездесу өткізді. Ондағы мақсат кәсіпкерлерге қолдау көрсету.

— Кәсіпкерлікті дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін еңбектенемін дегенге мол мүмкіндік берілуде. Осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысып, шағын бизнесін шарықтатып отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде. Бұл қуанарлық жайт. Мен бүгін сіздермен кездесіп, мәселелеріңізді тыңдауға келдім. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ауыл округ аумағынан 6 гектар жер бөлінеді. Кәсіпкерлерді осы аумаққа шоғырландырамыз,- деді Мақсат Асылбекұлы.

Кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде өндіріс пен қызмет көрсету саласының дамуы басты мәселе. Қарашық ауыл округі бойынша 91 жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысан бар. 1 мақта зауыты, 14 цех, 4 дәріхана, 3 жеке меншік балабақша бар. Ауданның көркеюі мен әл-ауқатының жақсаруы үшін кәсіпкерлер ынтымақтастықта жұмыс жасауы қажет.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі