ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төрехановтың төрағалығымен Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында арнайы жиын болып өтті.
Жиналыс барысында кәмелетке толмаған азаматтар заңның жауапкершілігін сезінбей, көлік құралын басқарып, салдарынан кісі өлімі орын алып жатқаны, сондай-ақ олардың самокаттар мен мопеттерді басқаруына тыйым салу керектігі, оның соңы қауіпті жағдайға алып келетіні туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу, қылмысты болдырмау, кәмелетке толмаған балалардың ойын сауық орындарында және түнгі уақытта жүрулері орын алған жағдайда әкімшілік шара қолданылатыны ескертілді. Жасөспірімдерге автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жол жүру ережелері түсіндірілді.