ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР ЕСЕБІНЕН 68 НЫСАН АШЫЛҒАН

161

Өткен жылы Қаратау ауданында кәсіпкерлер есебінен 68 нысан ашылып, 950 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінде қаламызда ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға күш салынуда. Ол үшін мемлекеттік қолдау да аз емес. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың нәтижесінде қалада бірқатар шаруалар, кәсіпкерлер, тауар өндірушілер өз кәсіптерін дөңгелетуде. Қаратау ауданы бойынша кәсіпкерлер есебінен 2022 жылы 41,5 млрд.теңге инвестиция тартылды. Ал, 2023 жылы 50 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланған.
Осы тұрғыда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, Шымкент қаласы «Shymkent» ӘКК АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Атамекен» ҰКП-ы өкілдерінің тарапынан «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жаңа техникалар сатып алу, даму мен мемлекеттік қолдау шаралары, субсидия алу процестері және иновациялық субсидиялаудың бағыты мен нормативтерін түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.
Биыл аудан аумағында 198 нысан салынуда. Сонымен қатар Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына хабарлама тапсырған 27 нысанның құрылысы таяуда басталмақ. Жыл соңына дейін 92 нысанның құрылысы аяқталып, 1100 тұрғынды жұмыспен қамту көзделуде. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға өскен. Алдағы уақытта да аудан аумағында жаңа кәсіпкерлік нысандар ашып, жұмысын жандандыру бағытындағы шаралар өз жалғасын таппақ.