САУРАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары С. Садибаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарын ашу, Кәсіпкер әйелдерді оның ішінде ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұйымдастыру мен ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғушылықтан қорғау, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және жеке адамға қарсы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың проблемалық мәселелері көтерілді.
Сауран ауданы жұмыспен қамту бөлімі мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Асылбек жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындарына 84, жастар практикасына 192, қоғамдық жұмыстарға 811, алғашқы жұмыс орындарына 12, тұрақты жұмыс орындарына 448 әйел азаматы жұмыспен қамтылғанын айтып, ауданда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығын ашу бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Аудан бойынша мемлекеттік грант жобасы аясында 32 азамат өз бизнес идеясын ұсынып, комиссия шешімімен 16 азамат мемлекеттік грант иегері атанды. Оның ішінде айелдердің үлесі 8 адам яғни 50 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бастау» бизнес жобасына 335 нәзік жанды сертификат алды.
Ауданда «Психо-әлеуметтік» және «Әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшелерін ашу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл орталықтар әйелдердің құқықтық білімін жетілдіріп, зорлық-зомбылық көрген әйелдерге психологиялық қолдау, әлеуметтік көмек көрсететін болады.
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін жетілдіру жөнінде шаралар кешені қабылданып, күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа тәсілдер мен жұмыс регламенті бекітілген болатын. Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы алдағы уақытта да бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.