СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 31 ТОЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

306

 

1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылған болатын. Сондай-ақ 2010 жылы БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялаған еді.

Бүгін Сауран ауданында

Сауран ауданында Семей ядролық полигонының жабылуына 31 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Д. Құдияров, мәслихат хатшысы М. Күнпейісов қатысып, ядролық сынақтардың адамзатқа келтірген зиянын және бұл күннің маңыздылығын атап өтті.

«Ядролық сынақтар салдарынан адамзат баласы азап шегіп, қоршаған ортаға үлкен залал келіп, экожүйелер жойылды. Оны қалпына келтіру үшін ондаған жылдар, тіпті, ғасырлар қажет болады. Семей, Сарыөзек, Байқоңырдағы ядролық сынақтар қазақ халқына үлкен залал келтірді. Кеңес өкіметі кезіңдегі ядролық сынақтардың 24 пайызы қазақ топырағында өтті. Мемлекетіміз сынақтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп келеді.»,- деді Д. Құдияров.

Шарада Семей полигонының ардагерлеріне аудан әкімінің және мәслихат хатшысының арнайы алғыс хаттары табысталды.