ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА ТӘРТІПТІ САҚТАУ ҚАЖЕТ

197

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ұсақ бұзақылық,  яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мәселен, такси шақыртқан «К» есімді азаматша автокөліктің техникалық жағдайына ашуланып, Түлкібас ауданы, темір жол вокзалы қасында орналасқан такси бекетіне барып, осы такси бекетінің жұмысшысына тиісіп, айқай-шу шығарып, былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген. Осындай құқық бұзушылық әрекеттері үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа қарау үшін жолданған болатын.

Нәтижесінде, Түлкібас аудандық сотының қаулысымен азаматша «К». Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 48300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қайнар: Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі