ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ДЕ ЭКОАКЦИЯҒА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

141

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығына түркістандық жастар да белсене қатысуда. Бұл бастамаға Түркістан қаласы әкімдігінің жас мамандары да өз үлестерін қосты. Жұмыс уақытынан кейін қызметкерлер шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты.

«Тазалықты ту еткен жобаның ұлағаты мол. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау — әрбір тұрғынның міндеті. Өйткені, осы қаланың ауасын өзі мен ата-анасы, балалары жұтады. Өзіміз серуендейміз. Ендеше киелі шаһардың әсемдігін бірге асырайық» — деді жас маман Ердәулет Төрехан.

Сенбілік барысында республикалық акцияның тазару мен жаңару маусымы саналатын көктем мезгілінде басталғандығының маңызы зор екендігі айтылды. Сонымен бірге, қатысушылар тазалық барысында халық әндерін шырқады. Сенбілік соңында мамандар облыс тұрғындарына «Таза Қазақстан» республикалық акциясына атсалысуға шақырып, арнайы челлендж жолдады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі