Қоғамда патерналистік көңіл күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Қоғамда патерналистік көңіл күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне паҚасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Қоғамда патерналистік көңіл күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатындар аз емес. Ондай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек» дегені есімізде.Бұл жағдайды алдын-ала қолға алу керек.йдаланатындар аз емес. Ондай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек» дегені есімізде.Бұл жағдайды алдын-ала қолға алу керек.
“Қазақ қоғамы масылдыққа жақын деген сөздер жиі айтылады. Бірақ, мен бұл пікірге қарсымын. Иә, кей кездерде «мемлекет жасап беру керек» деп айтып қалады.Бірақ батыс елдеріне қарағанда Қазақстан халқы масыл емес.
Масылдық Еуропа мемлекеттерінде, дамыған мемлекеттерде бар. Ол жақта жұмыс істемейтін адамның өзі айына 800 еуродай ақша алады. Әрине, олар жұмыс істеп, қаражат табатын болса, орташа жалақы шамамен, 1200 еуродан жоғары табыс таба алады. Одан кейін оларда «мен жұмыс істегенше, жұмыс істемей 800 еуро алып жүре берейін» деген ой келеді. Міне, осы масылдық. Ал біздің елде ондай емес. Бізде әлеуметтік көмек бар дегеннің өзінде өте төмен дәрежеде. Және инфляция 20% болып жатса да, олардың өсімі небәрі 10%-дан аспайды. Ал 60 мың теңге алатын мүмкіндігі шектеулі жанның немесе әлеуметтік көмек алатын адамның қаражаты 10% өсті десе, бұл 5-6 мың теңгеге ғана өседі.
Әрине, «неге батыс елдерімен салыстырасыз, олардың экономикасы бөлек, бай елдер» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл жерде олардың жалпы ішкі өнімімен (ЖІӨ) салыстыруға болады. Батыс елдерінде ЖІӨ-ді жан басына шаққан кезде 50-60 мың долларды құрайды. Ал бізде жан басына шаққандағы ЖІӨ 10 мың доллар көлемінде. Оларда бір еуропалық азамат 50-60 мың долларға тауар өндіре алады. Яғни, бізден 5-6 есе үлкен. Тиісінше, екі елдің азаматтарының еңбек өтілі де әртүрлі деуге болады»,- деді экоомист Мақсат Халық «Адырна» ұлттық порталына берген сұхбатында.