Мүгедектердің басқа қоғам мүшелерінен еш айырмашылығы жоқ

60

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүгедектер құқықтары туралы мәліметтерді ұсынаымз.  «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» 2015 жылғы 20 ақпандағы № 288-V Қазақстан Республикасының Заңынан кейін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бапына сай, Конвенция заңнамамыздың  бөлімі болғанын және осы баптың үшінші тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады», — деп жазылған.  Бұл маңызды жәйт. Конвенцияны ратификациялауға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, № 433-V, 2015 жылғы 3 желтоқсанда қабылданды. Осы заңнама бойынша еліміздің 20 заңы мен  4 кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

БҰҰ мүгедектер құқықтары туралы Конвенция 1-бапта, Конвенцияның мақсаты барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеу, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу болып табылады, — делінсе. Осы мақсаттарға жету үшін Конвенцияның 3-бапында, барлық ұғыным-ережелер негізделетін, жалпы қағидаттар бекітілген.

Негізгілері:қоғамға толық және тиімді тарту және қосу; мүмкіндіктер теңдігі; кемсітпеушілік;қолжетімділік. Аталған қағидалар логикалық тұрғыдан бірімен бірі тізбектеліп тұр. Мүгедек жандарды  қоғамға тиімді тартып, толық қосылып араласуы үшін (инклюзия), олар басқа адамдармен бірдей тең мүмкіндіктерге ие болулары керек. Ол үшін мүгедектер  кемсітушілікке ұшырамаулары қажет.  Ал, мүгедектерді кемсітушілікті жоюдың  негізгі  тәсілі инфрақұрылымдар ортасын қолжетімділікпен қамтамасыз ету.Айтылған қағидалар ұғынымын  жүйелі және кешенді түрде, қолжетімділік шараларын қалыптастыру кезеңінде  іс жүзінде орындай алсақ, Еліміздегі мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.