ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ӘКІМІНЕ “КӨЗ ТИМЕСІН”

229

Ипподромның орнын үй салынғаны үлкен айқай боп еді. Енді сол үйге баратын жол салу үшін “Этносаябақты” бұзып, 270 түп талды кесіп, үлкен жолақты жол салмақ боп бекітілген еді. Бұрынғы әкім тұсында. Жаңа әкім Ғабит Сыздықбеков ол жоспардың “күл талқанын” шығарды. Этносаябақты бұзып ұзындығы 218 метр, ені 14 метр жол салуға түбегейлі тиым салды. Халық үніне құлақ асып, оң шешім қабылдаған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке “көз тимесін” деп жатыр қуанған шымкенттіктер.