АУДАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІНЕ БАСА МӘН БЕРІЛЕДІ

233

Аудан әкімі Азат Оралбаев ауданның сәулетік қас-келбетін заман ағымына сай әрлеу мақсатында бірқатар сәулетші-мүсіншілермен кездесті.

«Аудан орталығы – Темірланның кіреберісінен бастап, ірі көше, шағын аллеяларына дейін өңіріміздің тарихынан сыр шертетін ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері туындыларын орнату мақсатында өздеріңіздің жобаларыңызбен танысуды жөн санадық. Біз Сіздерден еш жерде қайталанбайтын, аудан тарихынан сыр шертетін туындыларды күтеміз. Жәнеде дайындалатын әрбір нысан талапқа сай болуы тиіс», деді аудан әкімі кездесуде.

Кездесу соңында аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы Сәулет және қала құрылысы бөліміне мүсіншілермен талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Темірланның кіреберіс қақпасына, Арыс өзені көпірінің екі жағындағы жол бөліктеріне сәулеттік келбеті айшықты тың жобалар ұсынуды тапсырды.