СУ ЖАҢА 3 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

178

2023 жылдың 26 желтоқсанында облыс аумағын толық жедел жәрдем қызметімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік тапсырылған болатын. Оған 1,3 млрд. теңге бөлінген.

Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған «Hyundai i30» маркалы 75 санитарлық автокөліктерінің 3 автокөлігі Ордабасы аудандық орталық ауруханасына табысталды.

2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап бұл автокөліктер IV жеделділік санатты шақыртуларға, яғни созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттерге ел игілігіне қызмет көрсетуге толығымен дайын.

Жедел жәрдем станциялары Ордабасы аудандық орталық ауруханасында, БМСК Бадам, БМСК Қараспан,БМСК Төрткүл елді мекендерінде орналасқан және жақын елді мекендердегі шақыртуларға қызмет көрсетеді.

I, II, III-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМЖС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМЖС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді. IV-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.

Шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету I-жеделділік санаты он минутқа дейінгі, II-жеделділік санаты он бес минутқа дейінгі, III-жеделділік санаты отыз минутқа дейінгі, IV-жеделділік санаты алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі