ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

128

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы жұмысшы топтың кезекті отырысы болып өтті. Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Онда аудандық терроризмге қарсы комиссияларды сапалы және тиімді ақпараттандыруды қамтамасыз ету, терроризм мен діни экстремизмнің идеологиясының таралуына әсер ететін себептер мен жағдайлар, осы бағытта жұмыстарды жетілдіру шаралары туралы Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Саитов баяндама жасады.

Сонымен қатар, ақпараттық кеңістік бойынша жұмыстардың жүргізілуі және әлеуметтік желілер мен интернет сайттарда сәлафиттік идеологияны насихаттайтын контенттерді айқындау, олар бойынша қолданылған шаралар туралы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Марат Қалеке хабарлап өтті.

Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар айтылып, хаттамаға түсіріліп, нақты тапсырмалар берілді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары, жұмысшы топтың төрағасы Бақытжан Букебаев қорытындылады.