ӘР АУЫЛДЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ ПАСПОРТЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

159

Бүгінгі жұмыс күнін аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылдық округінің кіреберіс қақпасында жүзеге асатын құрылыс жұмыстарының эскиздік жобаларын талқылаумен бастады.

Аудан әкімінің ауыл, елді мекендердің қақпасы мен паспортын заман талабына сай әзірлеу жөніндегі тапсырмасына орай аудандық Сәулет және қала құрылысы бөліміне арнайы эскиздік сызба дайындау тапсырылған болатын.

Округтің айнасы саналатын паспорт жобасы жаңа, заманауи тұрғыда дайындалып, аудан басшысының назарына ұсынылды.

Өз кезегінде аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы бөлім тарапынан дайындалған жобаны мақұлдап, құрылыс жұмыстарын аталған жоба негізінде бастауды тапсырды.

Естеріңізге салар болсақ, Шұбарсу ауылдық округінің кіреберіс қақпасы жаңартылып, халықаралық автожол бойындағы жабайы сауда орындары ретке келтірілген.

Қазіргі таңда ауылдан маңызды автодәлізге шығар тұстағы екі жағалауда жер бедерін тегістеу, қоршау жұмыстары жүргізілуде.