ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ҮНДІСТАНДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

162

Жетісайлық оқушы Серімжан Асылханұлы Үндістанның Гоа қаласында өткен «Goa – 2024» Халықаралық робототехника фестиваліне қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Ол қазақстандық «Qazaq style» командасының құрамында болған. Құрама чемпионатта І-орынды иемденді.
Бүгінде Серімжан Жетісай ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия мектебінің 8 сынып оқушысы. Ол осы уақытқа дейін республикалық жарыстарда еліміздің үздік робототехника командаларымен бірге бақ сынап, жеңіске жеткен.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі