ORDABASY: АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АЙРЫҚША АТАЛЫП ӨТТІ

145

Аудан орталығындағы саябақта 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай “Рақмет саған Отаным” атты салтанатты шара болып өтті.

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген шуақты мейрам көшет отырғызу акциясымен бастау алды. Аудан әкімі Азат Оралбаев бастап, мәслихат төрағасы, халық қалаулылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қоштап бір-бір көшеттен отырғызды.

Сондай-ақ ауданда тұрып жатқан ұлт өкілдері алғыс дастарханын жайып, ұлттық тағамдарын ұсынып, қазақ халқына алғыстарын білдірді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Азат Оралбаев құттықтау сөз сөйлеп, жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.

Өз кезегінде ауданның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйлеп, тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт және гүлденген өмір үшін өз алғыстарын білдірді.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі