ЕЛГЕ ПЕРЗЕНТ БОЛА БІЛГЕН ЕРДІҢ АНАСЫ — ЕЛДІҢ АНАСЫ

340

Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістанның дамуына мол үлес қосқан, соңында өшпейтін із қалдырған марқұм Әліпбек Өсербаевтың шаңырағында болып, анасына құрметін білдірді.

“Бақытым — балаларым” деген Хадиша Өсербаева саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ана. Бүгінде 6 перзентінен 15 немере, 16 шөбере сүйіп, әжелік мейіріміне бөлеп отыр.

— Елдің бағы өзіңіздей асыл аналардың батасымен жанады. Бейбіт күннің тілекшісі болған, ақ жаулығына дақ түсірмеген, әлемді мейірім мен шуаққа бөлейтін әжелеріміз барда бірлігіміз де, тірлігіміз де баянды болатынына сенімім мол,

— дей келе қала басшысы ізгі ниетін жеткізді.