АНАҒА ҚҰРМЕТ…

281

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов Төрткүл, Қарақұм және Жеңіс ауылдық округтеріне барып аналарды, қыз-келіншектерді

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

— Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, пәктік пен тазалықтың қайнары. Ауданымыздың мерейінің үстем болуында сіздердің еселі еңбектеріңіздің үлесі зор. Көктемнің шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деп тілек білдірген аудан әеімінің орынбасары аналарға, әпке-қарындастарға сый-сияпат табыстады.

Аудан әкімінің орынбасары Төрткүл ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылының тұрғыны, 105 жастағы Құрманбекова Орынкүл әженің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ сыйлық беріп, гүл шоқтарын тарту етті.