ТҮРКІСТАНҒА ТУРИСТ ТАРТУ МАҚСАТЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ТУРИСТІК КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

129

«Kazakh Tourism» ҰК төрағасы Қайрат Сәдуақасов, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов, YDA Group компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Хамди Гювенчпен бірге Қытайдағы ССТ компаниясының бизнес менеджері Лию Чинмен Қазақстанға, оның ішінде Түркістанға туристерді тарту бойынша келіссөз жүргізді.

Туристерді тарту үшін екі ел арасындағы мүмкіндіктер, ақпараттық турлар, жарнамалау жұмыстары және Қытай туристерін ақпараттандыру мәселелері пысықталды. Түркістанға туристерді тарту үшін Қытайдың туристік компанияларын Қазақстанға шақыру арқылы ақпараттық турларды ұйымдастыру, сол ақпараттық турлар бойынша арнайы туристік өнімдердің мәселелерін шешу және жаңа туристік маршурттарды қалыптастыруды ұсынылды. Екіжақты белсенді келіссөздер жалғасады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі