Туған жерді аялау – азаматтық парызымыз

295

 

Құрметті жерлестер! Мемлекет Басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырған болатын.Президентіміз бұл жұмыстарға барша тұрғындарды тарту маңызды екенін атап өтті. 

Осы орайда, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясыбасталды. 5 аптаға созылатын науқанның әр аптасының нақты мақсаты мен  тақырыптары белгіленген.

​Бірінші аптада,  яғни, 6-13 сәуір аралығында өтетін акция «Таза өлке» деп аталады.  Бұл күндері барлық аудан, қала тұрғындары, қоғам белсенділері, еріктілер, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері өздеріне белгіленген аулаларды тазалайды.

​Қазіргі таңда облыста бұл акция бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес барлық, аудан қалаларда сенбіліктерұйымдастырылуда. 

​Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде екімыңға жуық көше бойлары тазаланды. 850 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек,ағаштар әктеліп, саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. 

​Көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары жиналды. 145 мыңға жуық ағаш және бұта отырғызылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

​Әрине, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен         қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Сондықтан, әрбір тұрғын өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұлолардың өңір тазалығына қосқан үлесі болары анық.

​Науқанның 13 сәуірден 20 сәуірге дейін жалғасатын екінші аптасы «Киелі мекен» деп аталады. Бұл күндері тарихи-мәдени ескерткіштер аумақтарында абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. 

​Ал, 20-27 сәуір аралығындағы үшінші апта«Жасыл аймақ» деп аталады. Бұл акция аясында ағаш көшеттері отырғызылады және ағаштар әктеледі. 

​Науқанның 27 сәуірден 4 мамырға дейін жалғасатын төртінші аптасы «Өнегелі ұрпақ»деп аталады. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп дана халқымыз айтқандай, қарияларымызды құрметтеп, оларға көмек көрсету – өнегелі іс. Сондықтан, «Өнегелі ұрпақ» күндерінде ардагерлер мен қарттардың аулалары тазаланып, оларды абаттандыруға көмек беріледі. 

​«Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада, яғни                  4-11 мамыр аралығында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылатын болады.

​Жалпы, бұл шаралардың барлығықоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға,   әрбір азаматтың экологиялық мәдениетінқалыптастыруға бағытталған.

​Әрине, қоршаған ортаны таза ұстау бір реттік науқан емес, баршамыздың тұрақты өмірлік қағидамыз болу керек.

​ «Отан – елдің анасы» — демекші, туған жерімізді аялау оны әрқашан таза ұстаубәріміздің міндетіміз. 

​Сондықтан, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосайық!

​Әрқашан бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, Тәуелсіз еліміз көркейе берсін!

 

 

 

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы 

Нұралы Әбішов