«КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА ТАРИХИ ОРЫНДАР МЕН ЕСКЕРТКІШТЕР АЙМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Сайрам ауданында «Киелі мекен» апталығы аясында аудандағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру және күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сырлау және ретке келтіру жұмыстары да қолға алынған. Сенбіліктерге ауылдық округтер мен аудан аумағындағы барлық мекеме қызметкерлері және тұрғындар қатысып жатыр.
Апталықта өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстары бойынша Ақсукент ауылындағы «Мәртөбе» алаңы мен Абылай хан ескерткішінің аумағында көріктендіру, қоқыстарды тазалау, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Манкент ауылы аумағындағы Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш төңірегінде гүл көшеттері отырғызылып, тазалау жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі