СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ ЖИЕНІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

754

Бүгін Түркістан қаласында 31 мамыр — Түркістан қаласында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жиын өтті. Қаладағы «Ұлы Дала Елі» орталығында өткен шарада зұлмат жылдардағы оқиғалардың салдары жайлы ашаршылық құрбандарының ұрпақтары әңгімелеп берді. Айта кету керек, өткен жылы президент ашаршылықтың жүз жылдығына орай бұл оқиғаға мемлекеттік тұрғыда баға берілуі тиіс екенін айтып, мемлекеттік комиссия құруды және ғылми еңбектер шығаруды тапсырды. Түркістанда өткен жиында «Тағдыр қосқан туыстық» деректі фильмі көрсетілді. Сондай-ақ шараға Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқарамсы басшысының орынбасары Дәурен Сариев және саяси қуғын-сүргін құрбаны, мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың немере інісі Ходжанов Султанбек Сайдуллаұлы мен бір топ этнос өкілдері қатысты. “Мақсатымыз-бір ұлт, бір мүдде, бір тағдыр аясында бас біріктіріп, Ұлы мұраларды ұрпақ жадында жаңғырту-дейді шараны ұйымдастырушы Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева. Бабалар рухы мекендеген Түркістанда еске алу кеші-талайға сабақ, тарихқа тағылым болды-дейді Сұлтанбек Қожановтың жиен немересі Гүлсара Қобланова. Сұлтанбек Қожановтың жиен немересі Гүлсара апай ұрпағы ретінде Алаш қайраткерлерін ардақтаған Түркістандықтарға Алғыс айтты.

Ерсұлтан Әмірбек, журналист