«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ АУЫЛ КӨШЕЛЕРІН ТАЗАЛАДЫ

112

Бүгін Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ауыл жастары, волонтерлер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында тазалық жұмыстарын өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықты қалыптастыру. Сонымен қатар айналаны таза ұстау және экологиялық тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сондай-ақ аудан, қала көшелерін ретке келтіру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

Айта кетейік, бүгінгі сенбілікке 200-ге жуық жас қатысты. Олар ауыл көшелеріндегі ағаштарды әктеп, қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.