СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

107

Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркістан облысының белсенді жастарымен кездесті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды модераторлық етті.

Кездесуге «Аманат» партиясы «Жастар рухы Жастар қанаты», «Қазақстан студенттер Алиянсы», «Жас сарбаз әскери патриоттық» ұйымы, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және белсенді студенттер қатысты.

Мәулен Сағатханұлы өз сөзінде мемлекет тарапынан жастарды қолдауға арналған шаралар туралы айтты және ұлтымыздың жаңа келбетін айқындайтын құндылықтарға назар аударды.

Сондай-ақ жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды қоғамдағы іргелі әлеуметтік-мәдени өзгерістермен үйлестірудің маңызы зор екенін айтты.

Еркін форматта өткен шарада облыс жастары сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Бұл орайда, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің белсенді мүшесі Надиржон Хасантаев Парламент Сенатының қазіргі жұмысы туралы көкейдегі сауалын қойып, тұшымды жауап алды.