ҚР ВИЦЕ — МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

97

Бүгін жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице – министрі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмагамбетова «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК жұқпалы аурулар бөлімшесіне барып, тұмау, қызылша, көкжөтел және жедел респираторлы вирусты инфекцияларымен байланысты жағдайды бағалады.

Сапар барысында вице – министр аурухана басшысы Бекзат Берденовтен ағымдағы эпидемиологиялық жағдай мен инфекцияға қарсы медициналық көмектің, оның ішінде шұғыл көмекті ұйымдастыру деңгейі және перспективалық жоспарда жетілдіру жолдары туралы ақпарат алды. Сондай — ақ аурухана қызметкерлерімен қызылша және көкжетелге байланысты профилактикалық және эпидемияға қарсы іс — шараларды талқылады.

Тәулік бойы медициналық көмек көрсететін аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің төсек қоры – 95 төсек, оның ішінде балаларға арналған төсек — орын саны – 65, ересектерге арналғаны – 30. Құрылымында реанимация және қарқынды терапия палаталары – 6, өзінің клиникалық — диагностикалық зертханасы, қажетті диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған (УДЗ, рентген, ӨЖЖ аппараттары және т.б.). Қазіргі таңда бөлімшеде – 89 пациент ем алуда, оның ішінде 48 ЖРВИ, 12 қызылша диагноздарымен.

Айжан Есмагамбетова эпидемиологиялық мониторингке, сырқаттанушылық статистикасына және науқастарды емдеуге қатысты барлық мәселелерді үнемі бақылауда ұстайтынын және аурухана қызметкерлеріне күрделі және жауапты жанқиярлық жұмысы үшін алғысын білдіріп, аурухана жұмысына оң баға берді.