АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “БИЫЛ ҚАРАСПАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕР ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ”

92

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген.

Осыған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге бойынша жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті.

Алдыңғы кездесуде қараспандықтар тарапынан 35 мәселесі көтерілген болса, оның 12-сі шешімін тапқан. Осы жылы

7 мәселе шешімін табады деп жоспарланған. Ал, қалған 16 мәселені шешуге уақыт қажет және қаржыны талап етеді.

Аудан әкімі ауылдық округте осы жылы атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Атап айтар болсақ, Қараспан ауылы Ш.Бимырза, Сыздықов, Қалыбеков, Бекмұратов, Тоқкөрген, Кенжебеков, Аль-Фараби, Өтеуов, Ырыс Алпамыс батыр көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Сондай-ақ, Батыр ата ауылындағы Маналы, Көкбұлақ, Ынтымақ көшелері, Көлтоған ауылындағы Маметова, Астарлы, Бау, ақшуақ, Құнанбаев, Шалғын, Табиғат, Тоғайлы көшелері, Төреарық ауылындағы Шарипов, Абамуслимов, Ақарыс, Алаш, Алтай, Әйтеке би көшелері орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланған.

Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол, елді мекендерінде табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Аталған елді мекендердге маусым айында табиғи газ беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы биыл шілде айында Көлтоған елді мекендегі Ақшуақ, М.Маметова және Табиғат көшелеріндегі ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Әр сала бойынша осы және алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталған аудан басшысы қараспандықтардың сұрақтарына жауап берді. Әрбір сұрақ хаттамаға түсіріліп, олар бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.

Жиын барысында аудан басшысы тұрғындарды “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысуға шақырды.

Кездесу соңында аудан әкімі ауыл округтің тұрғындарын жайылым жер, ағын су, табиғи газ және т.б.мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді.