«АТАМЕКЕН» ҰКП БІРІГІП ИНТЕРАКТИВТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КАРТА ӘЗІРЛЕЙДІ
Кәсіпкерлер палатасында 5 айдың ішінде түскен құқықтық-нормативтік актілерге қатысты 36 сараптамалық қорытынды берілді, оның ішінде 5 қорытынды тиісті ескертпелермен берілгенін айта кету керек.
Бұған қоса Палата қызметкерлері мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім комиссияларының да жұмысына белсене қатысады. Мысалы, жыл басынан бері екі комиссияның отырысына қатысып, оң қорытынды берілді.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытында жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының 2023 жылдың 19 сәуірдегі Жолдауына сәйкес Үкімет және «Атамекен» ҰКП бірігіп интерактивті инвестициялық карта (Карта) әзірлейді.
Интерактивті инвестициялық карта – инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысында мониторинг жасауға мүмкіндік беретін цифрлық құрал. Онда инвестициялық жобаға қатысты барлық тарапқа, мысалы, кәсіпкер, жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік орган, даму институттарына тиісті жауапкершілік бекітіледі.
Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне Шымкент қаласы бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн теңгені құрайтын 59 жоба енгізілген.
БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ ШЕШІМІНІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛЫП 100 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
Бүгінде кәсіпкерлікті қорғау саласында 1 012 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 6 әкімшілік кедергі жойылды, 13 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды.
Жүргізілген талдаумен «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «SHYMKENT» АҚ-мы (бұдан әрі — Қоғам) кәсіпкерлермен бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін түрлі айыппұлдар қолданғаны анықталды. Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін сотпен ӘҚБтК 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша Қоғам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 104,7 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 900-ден астам кәсіпкердің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында жануарлардан алынатын өнімдерді қайта сараптау тәжірибесі тоқтатылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі білім беру басқармасының конкурстық комиссиясының заңсыз шешімінің күші жойылып 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін салық органының басшысы ӘҚБтК-тің 173-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +7751112542 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін хабарласа алады.