АУДАН ОБЛЫС РЕЙТИНГІНДЕ КӨШ БАСТАП ТҰР.

69

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев қоғамдық кеңес алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жыл басынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

Ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысымен негізгі салаларда оң динамика қалыптасып, аудан облыс рейтингінде көш басында келеді.

Мәселен, өнеркәсіп саласында 2023 жылы 33,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілген (106,5%), оның ішінде 29,2 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (108,6%). Ал, ағымдағы жылдың 5 айында 14,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді (109,7%).

2024 жылға ӨНЕРКӘСІП өнімінің көлемін 37,5 млрд. теңгеге, өңдеу өнеркәсібінде өндіретін өнім көлемін 32,6 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланды.

Сондай-ақ, 2023 жылы негізгі капиталға 39,5 млрд. теңге инвестиция бағытталып, (102,3%), 10,7 млрд тг 8 ірі жоба іске асып, 307 жұмыс орны ашылды.

Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысымен ауданға 10,2 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өсім 26,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өнеркәсіп саласында құны 4,2 млрд.теңгені құрайтын 3 ірі жоба іске асып, 133 жұмыс орны құрылды.

Жыл соңына дейін құны 6,9 млрд. теңгеге, 354 жаңа жұмыс орнымен 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Өткен жылы ауылшаруашылығы саласында 75,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе (101,4%), ағымдағы жылдың

5 айында 15,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (107,1%). Ал, осы жылдың қорытындысымен өнім көлемін 83,2 млрд. теңгеге жеткізу, яғни 1,2 есеге арттыру жоспарланды (2023 ж. – 68,2 млрд.теңге).

Аудан басшысы құрылыс, пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен жеке инвестиция тарту және басқа да салаларда жетістіктердің бар екенін, жалпы ауданды дамытуда қоғамдық кеңес мүшелерінің де үлесі зор екенін айтып, алғысын білдірді.

Жиында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкіміне көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.