ТАЗА БЕЙСЕНБІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

69

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын, осыған орай «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалының ұйымдастырумен, партияның «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында аудандық филиал төрағасы Ә.Бердімұрат бастап, Ордабасы аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының басшысы А.Ахметов және қызметкерлері, бастауыш партия ұйымы төрағалары сенбілікке шықты.

Шара барысында ауданымыздағы Арыс өзенінің аумағын қоқыстан тазартып, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі акцияға қатысу арқылы еліміздің келешегі жастарға үлгі көрсету, оларды отан сүйгіштік-патриоттық және еңбек тәрбиелеріне баулуға өз үлесімізді қосу. Бұл — бір айлық акция емес. Жыл бойына жалғасатын шара. Мақсатымыз да айқын. Ол айналамызды таз ұстауды, абаттандырып отыруды күнделікті әдетке айналдыру. Сондай-ақ халық арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын ояту — дейді бүгінгі сенбілікке қатысушылар.