ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СТАДИОННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

121

Халық асыға күткен жаңа стадионның құрылысы басталды.

Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, футбол жұлдыздары мен танымал блогерлер және спорт жанкүйерлері қатысты.

35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ, әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте тек Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион бар. Стадион 1969 жылы пайдалануға берілген Сыйымдылығы – 18 000 орын. 2003 жылдан бері «Ордабасы» клубының негізгі аренасы болып келеді.