ЕРІКІТІЛЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА КӨМЕК БЕРДІ

263

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ізгі істер марафоны» жобасының экологиялық аптасы аясында ерікті жастар жалғызбасты қарт кісінің үй шаруасына көмек берді.

Мақсаты: жас ұрпақтың бойына үлкенді құрметтеуді, көмек қолын созған әр жанға қолдан келгенше көмек көрсетуді, адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыта отырып жақсылық жасауға баулу.

Ерікті жастар қарт апаның үй ішін жинап, үй ауласындағы шашылған қоқыстарды сыпырып жинау, ауыр күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Қарт апамыз жастардың бұндай ісіне риза болып, ақ батасын беріп, жастармен мақтанатынын жеткізді.