АБАЙ АУДАНЫ: ЕРІКТІ ЖАСТАР ҚАРТ АПАҒА ҚОЛҒАБЫС БЕРДІ

231

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ізгі істер марафоны» жобасының экологиялық аптасы барысында “Ардагерлерді ардақтайық” акцияның аясында ерікті жастар Абай ауданына қарасты қарт апаның үйіне барды.

Мақсаты: жас ұрпақтың бойына үлкенді құрметтеуді, көмек қолын созған әр жанға қолдан келгенше көмек көрсетуді, адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыта отырып жақсылық жасауға баулу.

Ерікті жастар қарт апаның үй ішін жинап, есігінің алдын қоқыстардан тазалап, бау-бақшасын шөптерден үйінің ішін толықтай тазалау жұмыстарымен айналысты .

Жастардың бұндай ісіне риза болған апамыз ақ батасын беріп, жастармен мақтанатынын жеткізді.