ЕРІКТІЛЕР ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

249

Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және «Jasyl el» еңбек жасағы бірлесе отырып, «Таза Қазақстан» акция аясында «Қошқар ата» өзенінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасына Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Jasyl el» еңбек жасағы және қаланың ерікті 150-ге жуық жастары қатысты.

Акция аясында көшелерді қоқыс қалдықтарынан тазартып, ондағы ағаштарды түптеу, көше бойларын сыпыру мен қураған ағаштарды қырқу, орындықтарды бояу сынды жұмыстарды жүргізді.

Айта кетейік, бұл тазалық акциясы жыл соңына дейін өз жалғасын тауып отырады.