Жетісайдағы мүгедектігі бар балаларға тиісті жағдай жасалынған

62

Жетісай ауданы бойынша 7010 мүгедектігі бар адам тіркелген. Оны ішінде бірінші топ мүгедектігі бар адам — 530, екінші топ мүгедектігі бар адам – 1877, үшінші топ мүгедектігі бар адам – 3190, мүгедектігі бар 1413 бала бар. Бүгінде бөлімнің жанынан арналған Жетісай қаласында орналасқан «Балдәурен» және Асықата кентінде орналасқан «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығы жұмыс атқаруда. Бұл орталықтарда жалпы 113 бала арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі бойынша қызмет алуда. Балаларға арналған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері бар. Топтар бала жасына ыңғайластырып жабдықталған. Оңалту орталықтары сауықтыру және әлеуметтік, оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетілуде.

Орталықтарда мүгедектігі бар балаларға Логопед, Психолог, Дефектолог, Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы, Дене шынықтыру мұғалімі, Музыка мұғалімі,  Балалар дәрігері, Массаж жауап жөніндегі мейіраға, Тәрбиеші, Мәдени ұйымдастырушы, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар балаларымыздың денсаулығын жақсарту және оңалту мақсатында үздіксіз қызмет атқаруда. Нәтижесінде  оңалту орталықтары ашылған күннен бастап, балаларымыздың бойында оң өзгерістер өте көп. Сөйлей алмай келген балалар сөйлеп, жүре алмайтын балалар жүріп өз-өзіне қызмет көрсетіп жатқан жағдайы бар.  Бүгінде мемлекет мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Мәселен өткен жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 538,4 мың адамды құрайды. Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша МӘЖ төлеуге 298,5 млрд теңге бағытталды. МӘЖ мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. 2023 жылдың 1 қазанына мүгедектігі бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері 68 464 теңгені құрады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін жәрдемақыларға қосымша МӘСҚ-тен еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Төлемдердің мөлшері жеке және келесі факторларға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттері, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу және табысты ауыстыру өтілі. 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 28,2 млрд теңгеге 96,2 мыңнан астам адам еңбекке қабілеттіліктен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алды. 1 қазандағы жағдай бойынша әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 45 943 теңгені құрады.