Мүгедектігі бар азаматтарды техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз етіледі
Жетісай ауданында 2024 жылғы 1 жартыжылдығында «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 78 өтінім, «Есту кемістігі бар мүгедектігі бар азаматтарға жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар азаматтардың құжаттарды ресімдеу» 163 өтінім берілді. «Мүгедектігі бар азаматтарды техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне (міндетті гигиеналық құралдарға – 1197, техникалық көмекші құралдарға – 148, тифлотехникалық құралдарға – 72, сурдотехникалық құралдарға — 29.
Бұдан бөлек, протездік-ортопедиялық бұйымдарға — 305 өтінім, кресло-арбаларға 48 өтінім берілді. Сонымен қатар, «Мүгедектігі бар азаматтарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» қызметіне 765 мүгедектігі бар азаматтар өтінім білдірді. 2024 жылғы 1 жартыжылдықта жалпы 2564 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 2483 өтінім «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы тиісті көмектерін алды.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, білім алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдерді де қамтиды. Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.