Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау мен қайырымдылық көмек көрсету маңызды

54

Кентау қаласы бойынша 7479 мүгедектігі бар адамд тіркелген. Оның ішінде: І – топта     666, ІІ- топта 3441, ІІІ – топта 3372 адам бар. Сондай-ақ, қол арбамен жүретін 114, зағип 305, есту қабілеті төмен          49, балтақпен жүретін 66 ерекше жандар тұрады. Ал, жалпы мүгедек балалар 914, оның ішінде: бала мүгедек 0-7 жасқа дейін 270, І – топ -86 бала, ІІ- топ  -247 бала, ІІІ – топ  -311 бала бар.  Бүгінде Кентау қаласы бойынша мүгедектігі бар адамдарға жеке оңалту бағдарламасы бойынша 2024 жылға1961 құралға қаралды. Бұдан бөлек, әлеуметтік қызмет көрсету порталында жеке оңалту бағдарламасының 2023 жылға орындалуы бойынша өтініш білдіргендер 3410, орындалғаны 3355  (98,4%). Сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсету порталында жеке оңалту бағдарламасының биылғы жылдың 6 айға орындалуы бойынша өтініш білдіргендер 2791, орындалғаны 1639 құрайды.

Қалада протездік – ортопедиялық өтініш 305, оның 144 өтініші немесе 47,2 % орындалған. Ал,  сурдо құралына өтініш 62, оның 28 өтініші немесе 45,2 % орындалған. Одан бөлек, тифло құралына өтініш 161, оның 27 өтініші немесе 16,8 % орындалып, қоларбаға өтініш 130, оның ішінде 49-і немесе 37,7% орындалған. Сонымен қатар, санаторлық – курорттық емдеуге өтініш 864, оның 300 –і немесе 34,7% орындалып, жеке көмекші қызметіне өтініш 114, оның ішінде 114-і немесе 100% орындалған. Бұдан бөлек, ымдау тілі қызметіне өтініш 50, оның ішінде 48-і немесе 96% орындалып, міндетті гигиеналық құралдар 1105 өтініштің 929-зі немесе 84,1% құрады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, білім алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға ағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі.Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар түріндегі төлемдерді және Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдерді де қамтиды. Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.