МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

73

Түркістан облысындағы әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторлары арқылы анықталған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге үкіметтік емес ұйымдар қызмет көрсетеді. Орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға «Отбасын қолдау орталықтарында» бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігі беріледі. Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бағытында жұмыс істейтін «Сенім-ай» Қоғамдық бірлестігі, «Жігерлі жүрек» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі 2017 жылдан бастап, басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қызмет көрсетіп келеді. Бұл орталықтардың сыйымдылығы 50 адамға шақталған. 2024 жылдың 5 айында секторларда өмірлік қиын жағдайдағы 1 396 адамға оның ішінде аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналарға қызмет көрсетілген.

Мемлекет басшысы мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде үнемі айтып келеді. Облыстық мүгедектер қоғамы осы бағытта күнделікті қызметін жалғастырып, адамдардың көңіл күйін көтеріп, өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасауға ұмтылуда. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмектесіп, оларды белсенді тірлікке тарту, жұмыспен қамтуға қатысты шаралар арнасын кеңейту жүзеге асырылуда. Қоғамдағы осы топтағы адамдардың тіршілік ету сапасын жақсарту — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып белгіленуде. Мүгедектер қоғамының басты міндеті — ең алдымен, мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажына толық жауап беру және әлеуметтік қорғау болып табылады.

Бұл қоғамның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан ажыраптасада қалмауы үшіняғниолардың қоршаған ортамен толыққанды араласуына мүмкіндік жасау екен. Әрбір жан тағылымды тірлік жасап, баянды өмір сүргені абзал. Оқыс жағдайдан мүгедектікке душар болған немесе туғаннан кемтар жаралған жандардың да көкірегінде бұл өмірге деген құлшыныс сезімдері зор болатыны айқын. Біздің мақсатымыз — осы адамдардың өз ортасын қалыптастырып, қоғаммен тығыз қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, олардың мұң—мұқтажын қажетті жерге жеткізу. Қазақ халқында «Армансыз адам — қанатыз құспен тең» деген нақыл бар. Осы орайда физикалық тұрғыда мүмкіндігі шектелсе де, жігері жасымаған мүмкіндігі шектеулі жандардың арманы да асқақ болары анық.