Еліміз алкоголь өнімдерін тұтыну көрсеткіші бойынша рейтингте 100-ші орында тұр
Бүгінде Түркістан қаласында шылым шегу мен алкогольден арылу бағытында түрлі шаралар өткізілуде. Осы ретте, Түркістан қаласының тұрғындарының назарына аталмыш бағытта елімізде атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қазіргі таңда елімізде алкоголь өнімдерін тұтыну көрсеткіші бойынша рейтингте 100-ші орында тұр. Бірнеше жыл бұрын бұл көрсеткіш бұдан жоғары болған. Мемлекет халық арасындағы алкогольдік ішімдіктер пен темекіге тәуелділікті азайту үшін атқарып жатқан жұмыстарының арқасында Қазақстан рейтингтегі көрсеткішін жақсартып келеді. Осы ретте, Жалпы Ішімдік адамзат тарихының өте көне заманынан бері танымал болған сусындардың бірі. Алайда оның зиянды әсерлері де көптен бері белгілі. Қоғамдағы көптеген проблемалар, әсіресе қылмыс пен зорлық-зомбылық, алкогольдің шамадан тыс қолданылуымен байланыстырылады. Сондықтан «Ішімдік жоқ жерде – қылмыс жоқ» деген пікір қоғамда жиі естіледі. Бұл мақалада ішімдік пен қылмыстың байланысы талқыланып, ішімдіксіз ортаның пайдасы қарастырылады.
Айта кету керек, алкоголь адамның ақыл-ойына және мінез-құлқына тікелей әсер етеді. Ішімдік ішкен кезде адамның өзін-өзі бақылауы төмендейді, агрессия деңгейі артады, және ол өзінің әрекеттерін дұрыс бағалай алмайтын жағдайға жетеді. Бұл көптеген қылмыстардың, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қоғамдық тәртіпті бұзудың басты себептерінің бірі. Мысалы, полиция статистикасы бойынша, көшедегі төбелестер мен жанжалдардың көп бөлігі алкогольдің әсерінен болады. Ішімдікке мас болған кезде жасалатын қылмыстар көбінесе агрессиялық сипатта болады. Адамның өзін-өзі ұстау қабілеті төмендегендіктен, ол ережелерді елемей, басқа адамдарға зиян келтіруі мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, адам өлтіру, зорлау және тұрмыстық зорлықтың үлкен бөлігі алкоголь ішкеннен кейін орын алады. Ішімдіксіз орта қылмыстың деңгейін төмендетудің тиімді жолдарының бірі болып саналады. Біріншіден, алкоголь ішпейтін адам өзінің эмоциялары мен мінез-құлқын бақылауда ұстауға қабілетті. Бұл жанжалдардың алдын алу мен қылмысқа бармаудың негізгі факторы.Сонымен қатар, ішімдіксіз орта денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Алкоголь адамның денсаулығына зиянды, оның ішінде бауыр, жүрек-қан тамырлары жүйесі және жүйке жүйесіне ауыр әсер етеді. Ішімдікті шектеген немесе одан бас тартқан қоғамда денсаулық деңгейі артады, ал медициналық қызметтерге сұраныс азаяды. Мектептер мен жұмыс орындарында ішімдікке қарсы қатаң саясат енгізілген кезде, бұл адамдардың оқу және еңбек өнімділігін арттырады. Алкогольдің болмауы адамдарды сабырлы және жауапты әрекет етуге ынталандырады. Осылайша, қоғамдағы еңбек этикасы күшейеді және жалпы өмір сапасы жақсарады.
Ішімдік пен қылмыс арасындағы байланыс айқын көрінеді. Алкоголь адамның өзін-өзі бақылау қабілетін төмендетіп, агрессияға, қылмысқа әкелуі мүмкін. Ішімдіксіз орта қылмыстың азаюына, денсаулықтың жақсаруына, әрі қауіпсіз және тұрақты қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан «Ішімдік жоқ жерде – қылмыс жоқ» деген қағида тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның мәселесіне айналуы керек. Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді. Адам баласының алға басу жолындағы кедергі — арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен бо-лар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген те-мекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі план-тациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қа-лыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп — жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден — бір жолы — осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында көзін сүзіп, күнін өткізетін кәнігі маскүнемдердің бұрынғыдай жұбын жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу. Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек. Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.