Ерекше қажеттіліктері және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік кепілдіктер жүйесі әзірленген
Түркістан облысының тұрғындарының назарына ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау жөнінде пайдалы кеңестеремізді ұсынамыз. Ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және тұрмыс сапасын арттыру 2025 жылға дейін бекітілген Ұлттық жоспар аясында жүзеге асырылмақ. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ауруға шалдығуы, дамуындағы, денсаулығының, сыртқы ортасының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауынан ауытқуы немесе кемістігі, қоғамның мүгедектерге деген теріс көзқарасы салдарынан функционалдық қиындықтары болады. Осы шектеулердің әсерін азайту мақсатында ерекше қажеттіліктері және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік кепілдіктер жүйесі әзірленді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау қазіргі қоғамның өзекті мәселесі болып табылады және әрбір мемлекет өзінің даму деңгейіне, басымдықтары мен мүмкіндіктеріне сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастырады.Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, олардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында заңнамалар қабылдануда. Осы заңдардың бірінде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартудың негізгі аспектілерінің бірі мәселеге көзқарасты өзгерту болып табылады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға өмір сүру жағдайын жақсарту үшін тек мемлекет пен арнайы қауымдастықтар ғана емес, жалпы қоғамның да тұтастай ынтымақтастық рухын қалыптастыру арқылы жетуге болады. Бұл мүмкіндігі шектеулі адамдар өздерін жайлы және құрметті сезіне алатын кедергісіз кеңістік құруды қамтиды.
Ал аталған оң өзгерістерге қарамастан, кейде жұмыс істемейтін лифтілер сияқты көмекші құралдарды енгізуде қиындықтар бар екені мәлім. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру жағдайын одан әрі жақсарту үшін қоғамдық көлік кедергісіз қатынайтын Еуропа елдерінің тәжірибесіне жүгіну қажет. Ол үшін әрине сол елдердің жалпы жүріп өткен жолы, қауіптері, мүмкіндіктері деген сияқты критерийлерге аса мән беру қажет. Қазақстан инклюзивті қоғамға бет бұрғанымен, әлі де қиындықтар бар. Дегенмен, жастардың белсенді қатысуы және қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандардың қиындықтарын түсінуге деген ұмтылысы арқылы ел барлық азаматтары үшін мейірімді және инклюзивті кеңістік құру үшін алға жылжи алады.