Мүмкiндiгi шeктeулi aдaмдaрдың құқықтaрын қoрғaу жәнe oлaрғa қaмқoрлық жacaу

54

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі жандарға қалай құрметпен қарау керек екендігі жөнінде ақпараттарымызды ұсынамыз. Мeмлeкeт Прeзидeнтi Қacым-Жoмaрт Кeмeлұлы Тoқaeв, мүмкiндiгi шeктeулi aдaмдaрдың құқықтaрын қoрғaу жәнe oлaрғa қaмқoрлық жacaуды әлeумeттiк caлaдaғы бacты мiндeттeрдiң бiрi рeтiндe үнeмi aйтып кeлeдi. Прeзидeнт хaлыққa Жoлдaуындa: «Бiз eрeкшe қaжeттiлiктeрi бaр aдaмдaр үшiн бiрдeй мүмкiндiк жacaуғa мiндeттiмiз» дeгeн бoлaтын.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау жүзеге асырылуда. Әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары:

1. Медициналық-әлеуметтік сараптама – адам ағзасының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік әрекетінің шектелуін бағалау негізінде тексерілетін адамның әлеуметтік қорғау шараларына, оның ішінде оңалтуға қажеттілігін белгіленген тәртіппен анықтау;

2. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту – мүмкіндігі шектеулі адамдардың күнделікті, әлеуметтік және кәсіптік қызметке қабілеттерін толық немесе ішінара қалпына келтіру жүйесі мен процесі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту мүгедектерді әлеуметтік бейімдеу, олардың қаржылық тәуелсіздігіне қол жеткізу және интеграциялау мақсатында дене функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулық проблемаларынан туындаған өмірлік қызметтегі шектеулерді жоюға немесе мүмкіндігінше толық өтеуге бағытталған.

3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін қамтамасыз ету, оның ішінде: медициналық көмек көрсету; мүмкіндігі шектеулі адамдарға ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі адамдардың инженерлiк, көлiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кедергiсiз қол жеткiзуi үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi талаптарды орындаудан жалтарғаны үшiн жауаптылық; мүмкіндігі шектеулі адамдарғ тұрғын үй алаңымен қамтамасыз ету; мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту; мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыруға квота белгілеуді және жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды қамтитын мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; еңбек жағдайларын жасау; материалдық қамтамасыз ету; әлеуметтік қызмет көрсету;

Ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі адамдарды мемлекет қоғамнан аластатпай, қоғамда қарапайым адамдармен қатар жүруіне жағдай жасауда. Оларға құрмет көрсетіп, олардың құқықтарын қорғап, әлеуметтендіруде. Мәселен, балаларды өз ортасынан аластатпай, өз жасындағы балалармен бірге білім алу мақсатында, инклюзивті білім ортасын қалыптастыруда. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оларға мүмкіндіктеріне қарай жұмыс ұсынып және оларды мүмкіндігінше мемлекет тарапынан тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыздандырып, оларға тегін медициналық көмек көрсетілуде. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, аяныш сезімін танытпай, керісінше оларға көмек көрсетіп, құрмет көрсетейік!