КИЕЛІ ТҮРКІСТАННЫҢ ТУ ҰСТАРЫ

135

Қазіргі таңда «Turkistan Mediа Holding» медиахолдингінің басқарушы директоры ретінде киелі Түркістанның саяси-экономикалық дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бар талантын, білімі мен білігін, өңірлерден алған іс-тәжірибесін сарқа жұмсауда.

Түркістан қаласының құрметті азаматы Әбдібек қажы ақсақал мен Ұлпатша анамыз он перзентті дүниеге әкелген. Олардан 36 немере-жиен, 29 шөбере сүйіп отыр. Ұл-қыздарының барлығы жоғары білімді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде сан-салалы мамандық бойынша қызмет атқарып жүр. Бес баласы ғылым саласында еңбектеніп жүр(профессор, доцент, аға оқытушы). 3-еуі ғылым кандидаты. Сонымен қатар 2 перзенті мен 6 немересі магистр және 18 немересі жоғары білімді. 3 немересі – студент.

Өскен-өнген отбасыда әрқашан адамгершілік ұстанымы ұлықталады. Үлкеннің сөзін бөлмеу, кісінің ала жібін аттамау деген қарапайым тәрбиені ерлі-зайыптылар балаға бесіктің әлдиімен құлағына сіңірді. Ауыл-аймақ, аудан, облыс төңірегінде Бейсеновтер әулеті ізеттігімен еленіп, отбасы тақырыбы төңірегіндегі кездесулерге көп шақырылады. «Ақ әженің аялы алақаны», «Үлгілі отбасы» атты отбасылық байқаулардың бас жүлдесін, республикалық деңгейде екі мәрте өткізілген «Батаменен ел көгерер…» байқауларында «Нартай» және «Молда Мұса» аталымын иемденген.

Есімін мақтан ететін Тельман Әбді­бек­ұлын жерлестері «Ауылдан шыққан танымал тұлға» деп ауылдағы құрмет тақ­та­сына іліпті. Оның бұдан өзге де мара­паттары жеткілікті. Бәрінен артығы – жүрегіндегі иманның молдығында. Айналасына жақсылық жасап жүретін жігіт ағасының қайырымдылығын, ақыл-кеңесін жас та, қарт та көргеніне көпшілік куә. Қазақ азаматтарының әрбір осындай туған елінің сүйікті перзенті, нағыз патриоты болғанына не жетсін?! Біз осыдан елу бес жыл бұрын кәрі Қаратаудың етегінде дүниеге келген ініміздің бойынан әркез іздену, көкейдегі ойын жүзеге асырамын деп бар күш-жігерін жұмсаудан танбайтын талмайтын, тынымсыз еңбектену қасиетін көреміз. Ал бұл қасиет оны үнемі таудай биіктерге бастап келеді.

Лайым да солай болғай!

Ескендір ЕРТАЙ.