ТЕЛЬМАНДЫ ЕЛГЕ ТАНЫТҚАН «АЙҚЫН» ЕДІ

169

– Ақтауға келгеніме 4 ай уақыт болған. Жаздың ыстық мезгіліне қарамай, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан-ауылдарды аралап, халықпен кездесуді бастады. Бір күні ауылдарды аралап, ақпараттары-мызды дайындауға отырғалы жатқанда арнамыздың директоры Рауан Кенжеханұлы қасыма келіп: «Тәке, сіздер күндіз байланыс аясында болмай қалдыңыздар, маған «Айқын» газетінің бас редакторы Бауыржан Омаров ағамыз қоңырау шалып, өздеріне Маңғыстаудан тілші іздеп жатқанын айтты. Сіздің резю­меңізді жібердім. Қарсы болмасаңыз, сол газетте де қосымша жұмыс жасауға қалай қарайсыз? Ол кісінің өзі қазір хабар­ла­са­ды» деді. Сол бойынша Баукеңмен теле­фонда сөйлестік. 3 айдай сынақ мер­зімі болатынын айт-ты. Алайда арада 11 күн өткенде кадр-дан қоңырау шалып, штат­қа қабыл-дауға арыз жазуым керек еке­нін айтты.

Осылайша, республикадағы белді басылымның тілшісі атандым. Бұл – 2007 жылдың шілде-тамыз айы болатын. Келесі жылы білікті ұстаз, ғалым Бауыр­жан Жұмаханұлы басқа қызметке ауысып кетті. Газетке басшы болып белгілі қалам­гер, журналистиканың майталманы Нұртөре Жүсіп аға келді. Содан Астанаға қоныс аударғанша тапжылмай, сол басы­лым­да 6 жылдан аса уақыт жұмыс атқа­рып, артынан Астанадағы «Айқын» газе­ті­нің меншік иесі болып табылатын «Нұр-Медиа» медиахолдингіне интернет сайт­тар бойынша бас редакторлық жұ­мыс­қа ауыстым, – деп аталмыш газет­те жұмыс жасай жүріп, салада шыңдала түс­кенін және бірқатар жетістіктерге жет­ке­ні­не мақтанатынын айтты Тельман Әбдібекұлы.

-Мені елге танытқан «Айқын» газеті болды. «Айқын» газетінің Маңғыстаудағы тілшісі де болдым. Сан алуан тақырыпты қаузайтын басылымда жұмыс істеп жүріп, өте көп тәжірибе жинақ­тадым. Облыста өзім басшылық жаса­ған бірқатар басылымдарға «Айқын­ның» тәжірибесін әкелдім.

Ауылға бір құшақ газетті әкелгенімде әкем балаша қуанды. Га­зет­терді оқып мәз болып жатыр. Со­сын аз ғана бұрын ал­ған «Жур­на­­листер одағының мү­шесі» деген қызыл билетімді көрсет­ке­нім­де, әкем көңілі босап: «Менің өмір бойғы арманым осы еді ғой. Ақыры қолың жетті-ау» деп маңдайына тигізіп, батасын бергенде, менің көзіме еріксіз жас келді. Әкемнің менен не қалайтынын және мой­нымдағы жауапкершіліктің еселей түс­кенін сезіндім, – дейді Тельман Бейсенов.