Жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек

53

Қазіргі қоғам құндылықтары мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің адам қарым-қатынасындағы рөлі. Сонымен қатар, барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру маңызды. Алайда,бір мақсат, бір мүдде үшін адамдардың бірлесіп өмір сүруі, яғни қоғам болып үйлесуі рухани және материалдық құндылықтарға негізделеді. Адамның өзіне деген сенімі – үлкен күш. Бұл бойымызға қажыр, денемізге қуат, жүрегімізге сенім ұялатады. Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмендерді, жұмысқа жарамсыз жандарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек. Халқымыздың бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер бізді осыған үндейді.  Дәл қазір бүкіл адамзат жолайрықта тұр. Әлемдік геосаясатты, экономиканы, экологияны, қоғам өмірінің сан алуан саласын қамтып, тізбектеле келген, бұрын-соңды болмаған проблемалар әлем мемлекеттерінің қарым-қатынасын да өзгерте бастады. Үнді халқының ұлы гуманист қайраткері Махатма Ганди: «Әлемді өзгерту үшін әуелі өзіміз өзгеруіміз керек», – деген екен. «Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ», – деген екен әйгілі данышпан Төле би.

Береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды. Біз үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап күткен, 30 жылға жуық уақыт бұрын қолымыз жеткен азаттықты мәңгі баянды етуден асқан мұрат жоқ. Қазақстан – халқымыз тату-тәтті және келісімде өмір сүріп жатқан ортақ шаңырағымыз. Бұл – Елбасы саясатының маңызды жетістіктерінің бірі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытты әрі қарай жалғастыруда. Келісім мен бірлік – мемлекеттің тұрақты дамуы және барлық азаматтың өмірін жақсарту үшін қажетті біздің қоғамдағы басты құндылықтар. Қоғамда барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтары сөз болғанда мына жайт еске түседі. Қазақтың тарихи ұлттық толеранттылығы өзінің басты сипатымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық толеранттылығы тұйық емес, ашық, қонақжай, адамдарды жақындастырады, яғни адамдарды ажыратпайды. Қарым-қатынасқа дайын екендігін көрсетеді. Бұл қазақтардың жер аударылған халықтарды қалай қарсы алғандығынан айқын көрінеді.