КӨРКЕЙГЕН АУДАН КӨЗ ҚУАНТАДЫ

147

Әл-Фараби ауданының аумағында, жылдан-жылға көркейіп келеді. Жыл басынан бері ауданның инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру мен көріктендіру, тазалық жұмыстары және қысқа маусымға дайындық бойынша бірқатар істер атқарылған. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев мәлімдеді.

Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны – 234 857 мың. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар.
–Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, 99 пайыз табиғи газбен қамтылған. Қазіргі таңда Сәуле шағынауданында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталып, көрсеткіш 100 пайызды құрайтын болады. Ауыз су және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Ауданда ұзындығы 260 шақырымдық 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 233,2 шақырымы асфальт, 22,5 шақырымы тас жол, 4,3 шақырымы топырақ жолды құрайды. 2023 жылы барлығы 28 көшеге ораташа жөндеу мен 12 көшеге шағал тас төсеу бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жоспарына енгізіліп, жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, қазіргі таңда 13-не — Ескі қала шағынауданы Ирек, Қисық, Коканд көшелері мен Детский, Бостандық № 1-3 тұйықтарына, Береке шағынауданы 275 орамдағы көшелерге, Қошқар ата көшесіне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан асфальт төселді,– деді аудан әкімі.

СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 41 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНДЫ

Аудан әкімі өзге де салаларда атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
–Аудан аумағындағы 390 көшенің, қазіргі таңда 110- ны жарықтандырылған. 2023 жылы 14 көшені жарықтандыру энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына енгізілді. Оның ішінде, басқарма тарапынан 8 көше – Күншығыс шағынауданы Әбдразақов, Өзбек, Бөгет, Мәметова, Ж.Тыныбаев көшелері, «Қалалық жүйке аурулар орталығы» және 16 шағынаудандағы көшеде жарықтандыру бойынша жұмыстар толық аяқталған. Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Бүгінде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 39 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мердігер мекемелер тарапынан 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 15 аулада абаттандыру жұмыстары әкімшілік іс қаралып біткенге дейін тоқтап тұр. Қазіргі таңда аудан аумағында 105 ашық спорт алаңшалары орнатылған. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында осы жылы Береке шағынауданы 276-шы орамда ашық спорт алаңшасы орнатылды. Қазіргі таңда Жангелдин көшесі №14 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына 1 спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 41 ашық спорт алаңшасын салынып, халыққа пайдалануға берілді.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ МЕН ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда 455 көпқабатты тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қысқы жылу маусымына дайындық көрсеткіші 53 пайызды құрап отыр. Аталған көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» мекемесімен бірлесе, аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсетушілермен арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Аталған іс-шараға сәйкес, аппарат қызметкерлері тарапынан аудан тұрғындарына 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Әл-Фараби ауданында жалпы саны 29 мектеп, 31 балабақша орналасқан. Үш ауысымда білім беретін 2 мектепке қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, №45 мектептің ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып ,пайдалануға берілді. №65 мектептің қосымша 600 орындық құрылыс жұмыстары қыркүйек айында пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, оқушы орнының тапшылығына байланысты, №8 мектеп-гимназиясына 1100 орындық мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Қазіргі таңда, 27 мектеп және 29 балабақша жылыту маусымына толық дайындалып актілері түзілген.

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімінің айтуынша,тұрғындар тарапынан қоқыс контейнерлерінің ескілігі мен көше тазалығына жиі шағым түседі. Бүгінгі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары көлеміне қарай 7 секторға бөлініп, әр секторға аудан әкімі аппаратының жауапты мамандар бекітілген. Аудандағы ішкі орам аумақтардың тазалық жұмыстарымен «Бәйтерек-Л.Б.», «Жасыл Ел» компаниялары айналысуда. Қазіргі таңда аудан аумағындағы ішкі орам аумақтарда «Бәйтерек Л.Б.» тарапынан 3 техника, 20 адам, «Жасыл Ел» ЖШС тарапынан 13 техника, 130 адам тазалық жұмыстарымен айналысуда. Жалпы 150 жұмысшы мен 16 техника қала тазалығы үшін жұмыс жасауда. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшалары және онда 1037 қоқыс контейнерлері бар. Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшадағы, басты және ішкі орамдағы көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен «ШымкентСпецКомплекс», «Арнаулыавтокөлік» мекемесі айналысады.

Айта кетейік, тұрғындардың өтініші бойынша биылғы жылы 120 қоқыс алаңшасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 332 қоқыс жәшігін жаңарту үшін бюджеттен қаржы қаралған. Сондай-ақ аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен, мәрмәр тасты 200 қоқыс урналары орнатылған. Әл-Фараби ауданының бүгінгі таңдағы даму үдерісі осындай. Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын ескеріп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейтіндігін атап өтті.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

«Шымкент келбеті»