МҮГЕДЕК АЗАМАТТАРҒА ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 12 МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТ КӨРЕСЕТУДЕ
Түркістан облысы аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 12 коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар. Олар мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, егде жастағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бағытталған. Бектілген Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдірілген 8 түрі, яғнииәлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік — мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтері көрсетіледі.
Түркістан облысының тұрғындарының назарына көпшілік мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін және мүгедектерге арналған жәрдемақыны қалай алуға болатынындығы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мүгедектер әлеуметтік осал топ өкілдеріне жатады, сондықтан мұндай категориялы Қазақстан азаматтарына мемлекеттен жәрдемақы түрінде берілетін материалдық көмек тағайындалған.
Айта кетсек, халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылы 3 мамырда өз күшіне енді. Осы конвенциямен бір уақытта оның Факультативті протоколы қабылданды. Осы конвенцияда мүгедек әйелдер мен балалар туралы былай дейді: Қатысушы мемлекеттер мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітуге ұшырайтынын мойындайды және осыған байланысты олардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең іске асыруын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Қатысушы мемлекеттер әйелдердің жан-жақты дамуын, жағдайының жақсаруын және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін, олардың осы Конвенцияда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іске асыруына немесе жүзеге асыруына кепілдік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.
Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық іске асыруы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Мүгедек балаларға қатысты барлық іс-қимылдарда бірінші кезекте баланың жоғарғы мүдделеріне көңіл бөлінеді. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жастары мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты жүзеге асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді.